ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ТҮЙТКІЛІНІҢ НҮКТЕСІ ҚОЙЫЛДЫ

20:11, 12 наурыз 2020

Жылу температурасы талапқа сәйкес келмейді. Қостанайдағы Гагарин көшесіндегі №14-ші үй тұрғындарының осындай шағымы туралы біз бұған дейінгі хабарымызда айтқанбыз. Осыған қатысты жылу-энергетикалық компаниясының басшысы арнайы қабылдау өткізіп, пәтер иелерінің талап-тілегін тыңдады. Әрбір тарап өз уәждерін айтып, бір шешімге келе алмаған соң, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында «Нұр Отан» партиясы мониторинг жүргізген еді. Тексеріс нәтижесінде қандай қорытынды шығарылды? Жауабын тілшімізден білейік.

Гагарин көшесіндегі №14-ші үй тұрғындары коммуналшылар жұмысына көңіліміз толмайды. Өйткені, пәтеріміздің қабырғасы суланып, қыста бала-шағаның денсаулығына алаңдаумен болдық,- дейді. Бұл мәселе облыс әкімінің есеп беру кездесуінде де көтерілді. Өңір басшысы жауапты мамандарға жұртшылық шағымына байланысты арнайы жұмыс тобын құруды тапсырған еді. Қоғамдық маңызы бар түйткілден «Нұр Отан» партиясы да шет қалмады. Осы орайда, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында тексеру шараларын жүргізді. Мониторингті қорытындылау барысында жылу-энергетикалық компаниясының басшысы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Компания басшысы температура графигі бар екенін, жылу соған сәйкес берілетінін жеткізді. Арнайы құрылған комиссия бұл мәселеге қатысты 2 себеп барын көрсетті. Олар: бірінші қабаттағыларға жылу жертөледен жеке тартылған және бірнеше пәтерлерде сорғы- радиаторлар дұрыс орнатылмаған. Жауапты компания өкілдерінің айтуынша, баспананың ішіндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ал, партиялықтардың ойынша, бұл мәселеге қатысты дау-дамай туғызудың қажеті жоқ.

Сонымен, сарапшылар мен нұротандықтардың ортақ шешімі мынадай. Тұрғындар баспаналарының сыртқы қабатын өздері қарайтын жеке пәтер иелері кооперативі арқылы жылытулары керек. Аталған көпқабатты баспана ескі. Тепловизор нәтижесі көрсеткендей, көнерген кірпіштер жылуды сақтап тұра алмайды. Пәтерлердің салқын болуының себебі сондықтан.        

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...