ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ТҮЙТКІЛІ

20:52, 16 қыркүйек 2019

Қостанайдағы орталықта орналасқан тұрғын үйдің төбесінен су сорғалап тұр. Баймағамбетов көшесіндегі көп қабатты баспананың тұрғындары біздің арнамызға осылай деп шағымданды. Олар шатыр жабындысын қаншама рет жөндегенімен, қиындықтан арылар емес. Баспана қарайтын «Элеваторщика» пәтер иелері кооперативі бұл келеңсіз жағдайдан хабардар. Бірақ, мәселені шешуге қаржы қолбайлау болып тұрғанын айтады.

Маргарита Князева – Баймағамбетов көшесіндегі 147 үйдің тұрғыны. Себепсізден себепсіз шағымданып жатқан жоқ зейнеткер. 5 жылдан бері жауын-шашынмен алысып келеді. Сөзінше, үйдің төбесі қырық жамау. Салдарынан пәтеріне дейін дымқыл тартып, көк иісі шығып кеткен.

80 жастағы кейуана шелектеп құйған жаңбырға шатырдың тосқауыл болатындай дәрмені қалмағанын айтады. Дәліз төбелерінен тамшылаған су тоқ сымдарына жетуі мүмкін. Әр жауыннан кейін жөндеу жасауға зейнеткердің қалтасы көтермейді.

Талай мәрте жеке пәтер иелері коперативіне барғанын да айтады кейуана. Орлар бұдан хабардар, алайда түк әрекет жасамай отыр деседі. Кооператив қызметкерлерінің бұл келеңсіз жағдайға қатысты уәжі басқа. Зейнеткердің шағымына сәйкес, бір жарым ай бұрын шатыр жабындысын қалпына келтіргендерін айтады. Ал, төбені сапалы жөндеуге құрылыс материалдары жеткіліксіз. Қомақты қаражат керек. Аталған мекен жайдағы баспана тұрғындары пәтер иелері кооперативіне 400 мың теңге берешек. Бірақ, борышкерлер тізімінде зейнеткер жоқ.

«Элеварщик» пәтер иелері кооперативіне әзірге төраға сайланбаған. Жақын арада тағайындалмақ. Ал төбені жөндеу мәселесі шешімін тапқанша, Баймағамбетов көшесіндегі 147 үйдің тұрғындарына, күн жауын-шашынсыз болса деп тілеуден басқа амал жоқ.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...