ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ТҮЙТКІЛІ

20:48, 4 қыркүйек 2019

Арқалықтағы апатты үйлер әкімдік пен мердігердің келсіпеушілігінің кесірінен толық бұзылмай қалған. Бұған дейін жартылай қираған нысандар тұрғындарға қауіп төндіріп тұрғанын айтқан едік. Қала басшылары оны мердігердің жауапсыздығына сілтеген. Ал қарсы тарап әкімшілік тиісті қаржыны бөлмегендіктен жұмысымызды толық аяқтай алмадық деп отыр.

Бұл Абай көшесіндегі 102-ші үй. Жартылай қираған нысандардың ішіндегі ең қауіптісі де осы. Тұрғынүйлердің дәл алдында тұр. Тамыз айындағы сұхбатында әкімнің орынбасары бұл келеңсіздікке мердігер кінәлі деген еді. Тендерді ұтып алған кәсіпорын 18 апатты ғимаратты бұзуы тиіс болған. Ол міндетін толық орындамай, бекітілген нысандардың соңғы бесеуін жартылай қиратып, жұмысын тоқтатыпты.

Сергей Борсук – сол 18 нысанды бұзуды мойнына алған кәсіпкер. Тендерді ұтып, 145 млн теңгеге келісім-шарт жасалған соң, ол өз міндетін атқаруға кіріскен. Алайда әкімдік белгісіз себептермен бізге жұмыс істетпеуге тырысты дейді ол.

Осыдан кейін жұмысын жалғастырған мердігер атқарылған іске төленуі тиіс қаржыны да сотқа жүгініп зорға алғанын айтады. Ал жұмысты соңына дейін жеткізуге қосымша келісім жасау қажет болыпты.

Мұнан соң мердігер соңғы нысандарды ресми құжатта көрсетілген ауқымы бойынша жартылай бұзып, жұмысын тоқтатқан. Осы уақытқа дейін келісім-шартта бекітілген 145 млн теңге емес, 73 млн теңге ғана алыпты. Соның кесірінен қарызға белшеден баттым дейді кәсіпкер. Ол үйлердің ауқымын азайтып көрсетіп, жалған құжат жасағаны үшін әкімдік қызметкерлерінің үстінен арыз түсіріпті. Қазір қос тарап сот шешімін күтіп отыр. Ал бұл дау-дамайдан бейхабар тұрғындар қиранды арасында үреймен күн кешуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар