ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

21:09, 1 желтоқсан 2019

Тұңғыш президент күніне орай Алтынсарин ауданында да әр салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, жас мамандар мемлекеттік қызметкерлер қатарына қосылып, ант қабылдады. Ресми шара салтанатты кешке ұласты.

Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алуға ұмтылуда. Бұл белесті де, одан да зор асуларды да бағындыратынымыз сөзсіз. Мәдениет үйінде өрбіген жиынға аудан тұрғындарының қарасы қалың болды. Жұртшылықты тарихтағы таңдаулы күнмен аудан әкімі Ерлан Жаманов құттықтады.

Мерекелік жиында өңірдің дамуына, ауданның қалыптасуына үлес қосқан бірқатар азаматқа елеулі еңбегі үшін, аудан әкімі атынан алғыс табысталды. Сондай-ақ, аудан орталығы мен Алтынсарин ауданына қарасты елді мекендерде еңбек етуге ниетті жас мамандар жұмысқа қабылданды. Олар мемлекеттік қызметті қалтықсыз атқаруға ант берді.

Алтынсарин жастары Елбасы әрқашан жастарды назарында ұстап, жастардың болашағы олардың өсіп-өркендеуі үшін көптеген жағдайлар жасап келетін айтады. Оған дәлел, жастарға арналған бағдарламалар, жобаларды жүзеге асырды. Биылғы 2019 жылды Жастар жылы деп бекітті. Осының өзі елбасының жастарға деген қолдауының ерекше екендігінің белгісі.

Тұңғыш Президент күні мерекесінің жыл сайын маңызы артып келеді. Халық кең көлемде тойлап, асыға күтеді. Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылында мерейлі шара соның айғағы іспетті. Мерекені тойлауға жиналған көпшілкке арнап өлке өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Ауыл ақсақалдары да тұңғыш Президенттің ел үшін жасаған еңбектерін жоғары бағалайды. 30 жылға таяу уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы қазіргі таңда алпауыттармен бойын теңестіріп, ойын оздырып жүр. Бұл-Елбасының сындарлы саясатының жемісі.

Осылайша, алтынсариндіктер кемеңгер көшбасшы, ұлттың ұлы перзенті тұңғыш Президент күнін дүбірлетіп атап өтті. Мерекеге жиналған әлеумет әсем ән мен бидің куәсі болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕРІКТІЛЕР СУДА ҚҰТҚАРУ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ
20:30, 30 маусым 2020
ЕРІКТІЛЕР СУДА ҚҰТҚАРУ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
20:30, 26 маусым 2020
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
Толығырақ...