ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ТҮНГІ КЛУБ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗУДА

20:50, 4 қазан 2019

Қостанайда қаланың қақ ортасында орналасқан қорқор клубы тұрғындардың мазасын алуда. Айқай-шудан мезі болған жұрт құзырлы органдардан көмек сұраған. Алайда, одан түк нәтиже болмаған.

Аталмыш клубпен амалсыз көрші болған көпқабатты үйдің тұрғындарының әбден мазалары қашқан. Ауланы жын-ойнаққа айналдырып жүргендердің ісіне қатты қапалы екенін айтады олар.

Ұйқыдан қалған жұрт төтенше жағдай басқармасының мамандарын да талай мәрте шақырған. Өрт қауіпсіздігі ережелерін тексерту мақсатында. Клуб қожайыны тұрғындар шағымданған сайын тек айыппұл төлеп келеді. Оны маса шаққан құрлы көрмейді, екінші күні келеңсіздік тағы қайталанады. Сондықтан оны жабу керек дейді тұрғындар.

Халықтың мазасын алған проблемаға қатысты жауапты мекемелерге біз де хабарластық. Өрт сөндірушілер бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

Заңсыздықпен күресті тәртіп сақшылары да қолға алмақ. Халықтың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде бақылау күшейетінін алға тартты полицейлер.

Тұрғындардың түнгі ұйқысын бұзған клуб қызметкерлері болса, белгіленген заңнаманы еш бұзбағандарын алға тартты. Рұқсат беру құжаттарын кез келген уақытта ұсынуға әзір.

Әзірге кальян клубы тұрақты жұмыс істеп тұр. Егер түнгі уақытта клубқа келушілер бей-берекетсіздікке жол берсе, жауапкершіліктен құтылмайтыны анық. Талап барынша қатайса, қоғамда тәртіп те орнайды. Құзырлы орган өкілдері осы түйткілге қатысты мәселені біржақты етуге уәде етті. Ал нәтижесі біздің арна тілшілерінің бақылауында болмақ.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...