ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

20:58, 4 қыркүйек 2019

Ауылды көркейтетін – азаматы. Сыртта жүрсе де түлеп ұшқан мекеніне қаржы құйып, әлеуметтік ахуалын көтеруге атсалысып жүргендер көп. Солардың қатарында Аманкелді ауданындағы Қарасу ауылының перзенттері де бар. Мұнда тұрғындар қаржысына имандылық үйі мен спорт алаңы салынды. Бастамашыл азаматтар бұл ауылды көркейту үшін атқарылар жұмыстың басы болғанымен соңы емес дейді.

Ой-шұқыры көп шаңдақ көшеде доп теуіп дағдыланған ауыл балаларына бұл нысан бастапқыда таңсық көрінген. Қазір бойлары үйренді. Табаны тегіс, жасанды шөп төселген, талапқа сай алаңда өздерін нағыз кәсіби футболшыдай сезінеді. Жарыс алдында жаттығады, бос уақыттарында да келіп ойнайды.

Сыртта жүрген азаматтар мен тұрғындар алты млн теңге қаржы жинап бұл спорт нысанын былтыр тұрғызған. Мұнымен шектелмей, ақылдаса келе имандылық үйін салуға шешім қабылдады. Әркім өз мүмкіндігінше ортақ іске қаржы қосты. Сөйтіп көктем шыға құрлыс басталды.

Жаңа нысанның құрлысына 16 млн теңге жұмсалды. Аумағы 170 шаршы метрге жуық. Күмбезін қосқандағы биіктігі алты метрден асады. Өз күштерімен екі бірдей жаңа нысанды тұрғызған қарасулықтар, алдағы күнге де жоспар құрып, білек сыбанып отыр.

Әйтсе де тұрғындардың өз күші жетпейтін нәрселер де бар. Мысалы ауылдағы су құбыры әбден тозған. Соның кесірінен су тәулігіне екі-ақ сағат беріледі. Желіні жаңартуға әзір бюджеттен тиісті қаржы бөлінбей отыр. Мыңға тарта тұрғыны бар елді-мекендегі шешімін таппаған ең өзекті мәселенің бірі осы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...