ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

20:52, 5 қыркүйек 2019

Әрбір жасалған саудадан ел бюджетіне салықтың түсіп отыруын қадағалау маңызды. Бұл үшін бақылау-кассалық қондырғысын орнату міндеттелді. Әрі бір жағынан тұтынушылардың құқығын қорғау үшін мемлекеттік кірістер департаменті жыл бойы арнайы шара өткізеді. «Түбіртекті талап ет те, сыйлық ұтып ал»,-деп аталады. Биылғы жүлде қоры – 3 миллион теңге және басты жүлде автомобиль.

Дүкенге барып, азық-түлік алғанда тұтынушылардың дені сатушыдан түбіртекті сұрамайды. Ал, негізінде заң бойынша толық құқылы. Тіпті, 5 теңгенің тауарын алсаңыз да, чекті талап етуге мүмкіндік бар. Акция  азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған. Сол мүмкіндікті біз де пайдаланып көрген едік.

Мінекей, мен түбіртекті талап етіп, қолыма алдым. Демек, егер осы тауар сапасыз я болмаса тұтыну мерзімі өтіп кеткен болса, мен осы дүкенге қайтадан келіп, түбіртекті көрсетіп, ақшамды қайтадан өзіме қайтарып ала алам. Түбіртектің тиімді тұсы бұл ғана емес. Осындай талаптың арқасында еліміздегі көлеңкелі экономиканың көлемі кемиді. Сондай-ақ, бизнес саласындағы заң бұзушылық азаяды. Кәсіпкерлер арасындағы шынай бәсекелестік артып, халықтың салықтық сауаттылығы да әлдеқайда жоғарылайды.

«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясы аясында чекті жібергеннен  кейін, сіз бірден 5000 теңге ұтуға мүмкіндігіңіз бар. Ал, ұтысқа тігілген қаржы мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Барлық  жіберілген түбіртетер басты жүлде автомобиль ұтысына қатысады.

Акция 30 қарашаға дейін өтеді.  Түбіртек саны шектелмеген.  Алдыңғы шараның қорытындысы бойынша 8 қостанайлық азамат айфон телефонының соңғы үлгісін ұтып алған.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...