ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

Төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары пысықталды

18:07, 13 ақпан 2018

Апат айтып келмейді. Әлдебір төтенше жағдай туындай қалса, оған күш құрылымдары ғана емес, атқарушы билік пен өзге де салалар дайын болулары керек. Қостанайда аудан, қала басшылары, әскери бөлімшелер мен әкімдіктер қызметкерлеріне арналған семинар өз жұмысын бастады.

Онда мамандар төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша дәрістер оқып, профилактикалық шаралар өткізудің жолдарын түсіндіруде. Жұмыс барысында туындауы мүмкін қауіптер және одан қорғанудың жолдары таныстырылды. Семинар барысында қатысушылар тарапынан да сауалдар аз болмады. Көбі, төтенше жағдайда автокөліктердің ірі өндірістік мекемелерден шығарылуы, халықты эвакуациялау тағы басқа. Қауіп төнгенде халықтың тығылатын орындар туралы сұрақтар қызықтырды. Қорғаныс басқармасының мамандары олардың бәріне нақты жауап берді. Айта кетейік, семинарда келтірілген деректер бойынша, жер шарында жыл сайын шамамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі және көптеген өрттер мен өзге де апаттар болып тұрады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар