ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

13:00, 11 шілде 2018

Қазір суға шомылу маусымының қызып тұрған шағы. Аптап ыстықтан құтылудың қамын іздегендер жағажайларға тартылады әдетте . Алайда, су қоймаларында сақтық шараларын сақтамасаң, артынан өкінішті жағдайға ұрындыруы мүмкін . Осыған байланысты құтқарушылар күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті. Сөздерінше, демалушылардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Суға шомылу маусысы басталғаннан бері, 6 адам суға кетіпті. 4 ересек , 2 бала. Балғындар ата-аналардың, үлкендердің қарауынсыз өзен жағасында жүргендіктен осындай қайғылы жағдайға тап болады, көбіне. Алайда, ересектердің өздері де тілсәіз жаудан ажал құшып жатыр.Себеп көп. Жиі кездесетіндерін  айтсақ. Ең алдымен қарапайым қауіпсіздік ережерінің сақталмауынан қайғылы оқиғалар тіркелуде. Тіпті, суда өзін балықтай сезінетін әккі сүңгуірлердің өзі өзеннің өңешіне кетіпті. Екінші себеп – ішімдік   тұтыну.  Дегенмен, бұған назар аударып, теріс тәбетті тиып жатқандар некен-сақ. Салдарынан, судағы өлім-жітім азаймай тұр.

Азамат Орымбаевтың айтуынша, орман және дала өртінің алдын алу – қазір күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Қандай апатқа да тас-түйін дайын болу керектігін жеткізді. Алдын алуға бағытталған шаралар демалыс орындарында, туристік базаларда, бұқаралық мәдени орындарда жүргізілуде.

Әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, салғырттық емес, сақтық танытуы қажет деп кезекті рет ескертеді құтқарушылар.

 

Бауржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
13:12, 18 қыркүйек 2018
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
Толығырақ...
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:09, 18 қыркүйек 2018
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар