ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

20:19, 30 наурыз 2020

Төтенше жағдай кезінде ақысыз демалыс алғандар мен жұмыстан қысқарғандар үшін әлеуметтік төлем алу жолдары жеңілдеді. Яғни, жұмыссыздығы туралы анықтама қажет емес. Жұмыс беруші қызметкерлерінің тізімін өткізсе болғаны. Немесе жұмысшының өзі «Электронды үкімет» арқылы өтініш жаза алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары айтты.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға келесі айда жәрдемақы төлене бастайды. Үкімет оларды екі топқа бөліп отыр. Біріншісі жұмысынан айырылғандар. Екіншісі мәжбүрлі түрде төленбейтін демалысқа жіберілгендер. Бұл азаматтар жәрдемақы алу үшін алдымен Егов порталы арқылы жұмыссыз ретінде онлайн тіркелуі керек. Егер 10 күн ішінде екі қолға бір күрек табылмаса, өтініші мақұлданып, жәрдемақы тағайындалады.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қостанай облысында 13 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Осылайша, екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер, кәсібі уақытша тоқтап қалғандар, еңбекпен қамтылмақ. Дағдарысқа қарсы қолға алынған «жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 109,2 млрд. теңге бөлініп отыр.

Әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімі кеңейтілді. Азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатындар, қызмет көрсету саласындағылар және салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төлейтіндер тізімге қосылды.

Жалпы Үкімет қауіпті індетпен күреске және дағдарысқа қарсы шараларға 4 трлн теңгеден астам қаржы жұмсайды. Оның 2 трлн-нан астамы республикалық бюджет қаржысы, 1 трлн 800 млрд теңге Ұлттық қордан бөлінеді. Бұл дамыған елдерінің тәжірбиесі. Себебі,короновирус індеті әлем экономикасын біраз шайқатуда. Кризистік жағдайды болдырмау үшін үкімет барлық жағдайды жасамақ.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...