ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТОМОГРАФТАР ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

20:30, 29 шілде 2020

Қостанай облысындағы компьютерлік томографы бар медициналық мекемелер тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуге көшті. Қазір олар науқастарды төрт ауысымда қабылдап жатыр. Мақсат - жұқпалы індетке шалдыққандарды анықтауды жеделдету. Өңірдегі ауруханаларда барлығы сегіз компютерлік томограф бар. Тәуліктік кестеге көшкеннен бері, оларда күніне 200-ге жуық адам тексерістен өтеді. Оның төрттен бірі қалалық онкологиялық ауруханаға тиесілі. Мұнда бір емес екі компьютерлік томограф қойылған. Әрі кеткенде 15 минуттың ішінде түсіріп береді. Және бұл аппарат диагнозды дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қатерлі індетпен бетпе-бет келіп, алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Қостанай облысында маусым айы үшін екі мыңға жуық медицина қызметкері қосымша ақы алды. Оның жалпы көлемі 308 млн теңге. Бірінші дәрежелі қатерлі жағдайда 366 адам, екінші деңгейде 749 адам, үшінші деңгейде 759 адам жұмыс істеп жатыр. Оларға наурыз –маусым аралығында барлығы  933,6 млн теңге төленген.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...