ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РӨЛІ

20:34, 22 сәуір 2019

Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі. Осындай тақырыппен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде семинар өтті. Басқосуда Тұңғыш Президенттің саясат, экономика, білім саласында атқарған игілікті істері мен халықаралық аренадағы мәртебесі сөз болды. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. дейді оқу ордасының ғалымдары.

Тұңғыш Президенттің бастамасымен әзірленген мемлекеттік бағдарламалар ел экономикасының өркендеуіне үлкен серпін әкелді. Инвестициялық жобалар іске асты, жұмыс орындары құрылды.  Халықтың тұрмысы жақсарды. Әлеуметтің әлеуеті әрленді. Бұның бәрі елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында мүмкін болды.  Осы  ретте Елбасының рөлі өте  зор болды деп есептейді жиналғандар.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар Тұңғыш Президенттің  саясаттағы рөлін тілге тиек етті. Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Ендігі міндет-барды бағалап, дамудың жаңа жолына шығу.

Оқу ордасы ұйымдастырған дөңгелек үстелдің мақсаты - отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру. Кездесу барысында жас буын тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының  рөлін, еңбек жолы тыңдады. Ұйымдастырушылар бұндай іс шарада  студенттер Президенттің өнегелі жолынан тәрбие алды деген пікірде. Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық еңбек жолы жастарды жігерлендіре түсті.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...