ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ТҮЙТКІЛ

20:47, 9 қыркүйек 2019

Қостанайда бір топ жолсерік, пойыз басшылары өздерінен «сауын» жинайтынын айтып шағымданды. «Бұған келіспегендер жұмысымен қош айтысуға мәжбүр» дейді олар. Тіпті әр вагонға белгіленген сома да бар. «Сауынды» төлеу үшін жолсеріктер билетсіз жолаушыларды мінгізуге мәжбүр. Ал бұл заңсыз әрекетін тексерушілер әшкере қылса, «сауынды» сұраушылар емес, төлеушілер, яғни жолсеріктер жазаланады. Бірақ қарсы тарап, әрине, бұл уәжбен келіспейді.

Жолсеріктер ұялы телефонға түсірген мына қағазды өздері «жүгіртпе» деп атайды. Мұндағы алғашқы сан вагонның нөмірі, келесісі сол вагоннан алынуы тиіс ақшаның көлемі. Яғни жиырмасыншы вагоннан бір бағытқа барғанда 1500 теңге төленуі тиіс. Әрі қарай солайша кете береді.

Ал жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорын басшысы мұның бәрін шағымданушылар ойдан шығарып отыр дейді. Яғни, ешқандай «сауын» жиналмайды, керсінше пойыз басшылары заңсыз адам тасымалының жолын кесуге тырысады екен. Жол үстіндегі былық жайлы жарияға жар салғандардың  жуырда вагонға билетсіз адам мінгізгені әшкерленіпті.

Жыл басынан бері бұл кәсіпорында билетсіз жолаушы мінгізіп жолақысын өз қалтасына басқан 6 жолсерік қызметінен кетіпті. Серіктестік директоры осылай дейді. Ал шағымданушылар  «заңды аттауға итермелейтін басшылар»  екенін айтады. Олар бұл жайдан құзырлы орындарды да хабардар ету үшін ұжымдық хат жазбақшы.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар