
Облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының ұйымдастыруымен Қостанайда темекіге қарсы күрес күніне арналған шара өтті. Медицина қызметкерлері мектеп оқушыларына кеңес беріп, темекінің зияны туралы түсіндірді. Шылымның салдарынан туындаған аурулардан жылына 25 мың, ал өкпенің қатерлі ісігінен жыл сайын 3000 адам көз жұмады, деген деректер келтірілді. Денсаулық – басты байлық. Орталық мамандары барша тұрғындарды осы акцияны қолдауға шақырды