ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТЕКСЕРУ ТОБЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

20:23, 26 мамыр 2020

Карантиннің кезең-кезеңімен жеңілдетілуі індеттің алдын алуға бағытталған әрекеттерді күшейтуге мәжбүрлеп отыр. Мұндай іс-шаралардың бірі – халыққа қызмет көрсетуге кіріскен нысандарға күн сайын тексеру жүргізу. 25-ші мамырдан бастап жұмыс істеуге рұқсат алған шатхана, мейрамханаларда карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мониторингтік топ рейд ұйымдастырды.

Ең әуелі «Турист» караоке барына бас сұққан мониторингтік топ мүшелері нысан қаулы талаптарына қайшы келетін жағдайда жұмыс істеп жатқанын анықтады. Барлығы 70 адамға шақталған нысанда бір мезетте 30-дан әлдеқайда көп адам қабылданған екен. Көп кешікпей, демалыс орны қожайынынан түсініктеме алынды.

Нысан иесінің бұл әрекеті сот қарауына жіберіліп, айыпты кәсіпкерге тиісті жаза тағайындалмақ. Топ мүшелері бұдан әрі «Медеу» қонақ үйіне, «Тобыл», «Глория», «Грант» мейрамханаларына барды. Бұлардың көбінде тәртіп барынша сақталған. Енді бірі қызметіне әлі толық кіріспегенге ұқсайды. Келушілер саны тым аз.

Мониторингтік топ өкілдері рейдтік шараларды күшейте түспек. Мүмкіндік болса, тексеру жұмыстарын тәулігіне 2 рет өткізуге даяр. Өйткені, қауіптің беті әлі сейілген жоқ.  Сондықтан да, төтенше жағдай тоқтатылды екен деп, тым еркінсіп кетуге әсте болмайды.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...