ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ТЕГІН МАСКАЛАР ТАРАТЫЛУДА

20:23, 30 наурыз 2020

«Біз біргеміз»! Қостанайлықтар қауіпті індетпен күреске белсенді үлес қосып жатыр. Ортақ мақсаттан кәсіпкерлер, мәдениет саласының өкілдері де шет қалмады. Облыс орталығындағы сән салонының бірі «Қостанай» арнасының ұжымына тегін маскалар таратса, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры тәулік бойы кезекшілікте жүрген жүздеген полицейді бетпердемен қамтамасыз етті.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Мәселен, мына сән салоны күніне жүздеген маска тігеді. Соның денін тегін таратады. «Қатермен күресте алдыңғы сапта жүрген полицейлер мен тілшілердің еңбегі орасан. Біз бетперделерді бірінші соларға жеткізуге күш саламыз» дейді кәсіпкер. 

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында спектакль қоюды шектегенмен, тігін цехының жұмысын тоқтатқан жоқ. Мекеме тігіншілерінің қолынан шыққан 200 дана маска тәртіп сақшыларына бұйырды. Бұл әртістер қауымының ел қауіпсіздігіне қосқан үлесі.

Бетперделердің ерекшелігі, ол бірнеше қабатты матадан тігілген. Ауаны еркін өткізіп тұрады. Сондай – ақ, оны дезинфекциялап, қайтадан пайдалануға мүмкіндік бар. Полиция қызметкерлері көрсетіліп жатқан қолдауға алғыстарын білдірді.  Қазір дәріханадан бетперде табу қиындап кеткен уақытта бұл айтарлықтай көмек болғанын жеткізді.

Айта кетейік, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  соңғы мәліметтері бойынша, Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ. 218 адам госпитальға жатқызылса, 762 адам үй карантинінде. 

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...