ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Тазалық пен халықты жұмыспен қамту мәселесі қозғалды

20:30, 6 сәуір 2020

Елде төтенше жағдай жариялағанына қарамастан қала және аудан әкімдіктері тазалықты сақтаулары керек. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарма басшыларымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Мәселен,көктем келісімен қар астынан қоқыс көріне бастайды. Ал сол қоқыс үйінділері антисанитарлық жағдайдың дамуына алып келеді. Айта кетсек,өңір басшысы биылғы көктемде сенбіліктер өткізілмейтінін айтты.

Жалпыхалықтық сенбіліктер болмайды. Бірақ көктемгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары бір кісідей ат салысулары тиіс. Бұл ретте,барлық қала көшелері, жаяужолдар мен тұрғын-үй аулалары жинастырылуы керек. Сондай-ақ,облыстың бас санитар дәрігері бекіткен ереже сақталуы тиіс. Жиын барысында жұмыссыздық тақырыбы да сөз болды. Себебі, пандемияның салдарынан біраз жұмыс орындары тоқтап қалды. Басқармасының басшысының айтуынша, Жол картасы жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.Жобаларды іске асыру 13435 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша 6718 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты. Жалпы, Қостанай облысында 31 мың адам Жұмыспен қамту шараларымен қамтылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...