ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТАС ЖОЛ ТҮЙТКІЛІ

18:19, 29 мамыр 2020

Тас-талқан болған тас жолдардың түйткілі талқыдан түспейтін тақырыпқа айналды. Қостанай қаласындағы Жамбыл көшесінің тұрғындары редакциямызға осылай деп шағымданды. Айтуларынша, бұл көше ешқашан жөндеу көрмеген. Жазда шаңы аспанға көтеріліп, жауынды күні ми батпақ боп жатады. Көлік түгіл жаяу адам жығыла жаздайды, дейді. Жамбылдықтардың жанайқайын тілшіміз тыңдады.

Бұл – облыс орталығындағы Жамбыл көшесі. Қаланың орталығы болмаса да, шет ауданы деп айтуға да болмас. Қысы-жазы шаң-тозаң мен ми батпақ тұрғындардың көкейкесті мәселесі. Былтыр Нариман базарынан бастап, Жамбыл көшесі бойына асфальт төсеу жұмыстары басталды. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ еді, дегенмен көп ұзамай су сепкендей басылды. Көше салушылар белгісіз себептермен Хакімжанова көшесіне дейін жетіп, жұмыстарын тоқтатып тастаған. Жамбыл көшесі тұрғындарының айтуынша, олар осы өтініштерін айтып бармаған жер, баспаған тау қалмаған. Бірақ, еш нәтиже жоқ, дейді. Ешқашан жөндеу көрмеген Жамбыл көшесін сонымен биыл шамамен шілде айында жаңарту жоспарланып отыр. Оның өзі үнемделген қаражаттың жету-жетпеуіне байланысты. Ал тұрғындар болса күзге дейін бұл мәселе шешімін табады деп үміттенеді.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...