ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

Тарандықтар көктем мерекесін атап өтті

20:43, 12 наурыз 2018

Таран ауданының арулары да халықаралық әйелдер күні мейрамында толассыз құттықтау мен құшақ-құшақ гүл шоқтарына кенелді. Аталмыш аудандағы нәзік жандылардың айтуынша, 8 наурызға орайластырылған мерекелік тарту жылдан жылға қызықты ұйымдастырылып келеді.

Мәдениет үйінде өрбіген мән-маңызы мол мерекелік мәжілістің мәртебелі меймандары-ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ардақты апалар мен ерке қарындастар және жаны жайсаң жеңгелер. Осынау мейрамда орындалатын әсем ән де, күмбірлеген күй де, жылы лебіздер мен сый-сияпаттың бәрі солардың құрметіне арналады. Табиғат түлер тұста келіп жеткен төл мерекелерімен әйелдер қауымын алғашқы болып аудан әкімі құттықтады.

Жылдағы дәстүр бойынша Таранның ерлер қауымы нәзік жандыларды құттықтау үшін барын салғандары аңғарылды. Мерекелік шараны тамашалауға келушілердің қарасы қалың. Сонымен қатар, ауданның тыныс-тіршілігіне өз үлесін қосып жүрген нәзік жандылар да марапатталды.

Мерекелік жиын соңы аудан көркемөнер шеберлерінің үлкен коцертіне ұласты. Олар аналарға арнап ән салып, мың бұрала би биледі.

Тақырып бойынша материалдар

2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
15:04, 11 желтоқсан 2018
2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
Толығырақ...
15:02, 11 желтоқсан 2018
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді Жол құрылысы...
Толығырақ...
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
14:57, 11 желтоқсан 2018
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық аймақ қарқынды дамуда
10:26, 5 желтоқсан 2018
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық ай...
Толығырақ...
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
10:30, 5 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығырақ...