ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП

20:53, 6 қараша 2019

Бүгінгі полиция қызметкерлеріне қандай талаптар қойылып отыр? Ішкі істер органдарының жұмысын қалай жетілдіру керек? Бүгін Қостанай облыстық Полиция департаменінде өткен консультативтік кеңес отырысында осы сұрақтар төңірінде әңгіме өрбіді. Нендей мәселелер айтылды, олардың шешімі қандай, тақырыпты тілшіміз сабақтасын.

Полиция департаменті жанынан құрылған консультативтік-кеңес органына ішкі істер саласының қызметкерлері ғана емес, ғалымдар мен қайраткерлер, қоғам белсенділері мен блогерлер де мүшелікке қабылданды. Жаңа құрамның алғашқы отырысында сөз алған департаменті бастығы алдымен істелген жұмыстар жөнінде мәлімет беріп өтті.

Тәртіптің сақшысы болсаң, халықтың жақсысы бол. Бүгінгі міндет – полицейлердің абырой-беделін көтеру. Сала министрлігі әзірлеген жол картасының да негізгі ұстанымдарының бірі осы.

Кеңес отырысында бірқатар ұсыныстар мен мәселелер де айтылды. Соның бірі – шалғай ауылдардағы жағдай.

Осындай сауалдар туындамас үшін халықпен етене жұмыс істеу керек. Кеңес мүшелері осыны айтады.  Саннан сапаға көшетін кез. Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасында алға қойылған маңызды міндеттердің бірқатары – кадр саясатына қатысты. Кейінгі жылдары бұл салада оңтайландыру шаралары белсенді жүргізілуде. Мәселен, облыстық полиция департаментінде жеке құрамның 10 проценті қысқартылып, 549 млн теңгеден астам қаржы үнемделген. Соның арқасына патрульдік полицейлердің еңбекақысы 65%, жедел іздестіру қызметкерлерінің айлығы 55% көбейген.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:29, 22 қаңтар 2020
«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
20:22, 22 қаңтар 2020
ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
20:12, 17 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...