ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ТАҒДЫРЫ ТАҢҒАЛДЫРАТЫН ӨНЕРПАЗ

20:30, 15 шілде 2020

Тағдыры таңғалдыратын өнерпаз! Амангелді ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны күйші, композитор Айтбай Мұздаханов туралы осылай айтса жарасады. 36 жасында өндірістік жарақат алып, оң қолы шынтағынан кесілген өнерпаз тығырыққа тіреліп қалған жоқ. Саусағының орнына сым байлап, шабытын шыңдай түсті.

Ол 1941 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданының Кемер ауылында дүниеге келген. Атасы Молдаш та, өз әкесі Мұздахан да домбырашы болған кісілер. Алғаш рет 7 жасымда қолыма домбыра ұстатты. Кейде, ұрып тұрып оқытатын. Әуелгі үйренгенім Ахмет Жұбановтың «Қарлығашы» болды дейді ол.

Әкесінен дарыған өнерді өмірлік еткен Айтбай аға тағдырдың тәлкегімен оң қолынан айрылады. Өнерге жан дүниесімен ғашық ол араға 9 жыл салып домбыраны қайта қолына алды. Содан күні бүгінге дейін 70-ке жуық күй тудырған. Күйшінің ауқымды шығармалары көбіне ел мен жер тақырыбына арналған. 

Атақты композитор Нұрғиса Тілендиевтің жоғарғы бағасына ие болған Айтбай Мұздаханов «Құрмет белгісі» ордені, ҚР «Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» төс белгісінің, «Қазына» меценаттар сыйлығының иегері. Амангелді ауданының «Құрметті азаматы». Ал ең басты жетістігі халқына қалдырған мұрасы – ерекше толқу, тебіреністен шыққан қайталанбас күйлері. Өнер иесінің шығармашылық жолы жайлы осы жексенбіде «Менің қолтаңбам» бағдарламасынан көріңіздер!

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
20:30, 11 тамыз 2020
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...