ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ДА, СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ДА ЖОЛ ЖОҚ

18:13, 5 наурыз 2020

Жемқорлық – өркениеттің өзегіне түскен жегі құрт. Қазіргі күні бұл қоғамдық кеселге айналғаны да жасырын емес. Ілгерілеуді іркілтетін ішкі індетті ауыздықтаудың ең тиімді тәсілі - оның алдын алу. Осы ретте жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің өкілдері теміржол саласындағы заңсыз әрекеттерді болдырмау жолдарын пысықтады. Жолаушылар және жүк тасымалында бармақ бастылық пен көз қыстылықты жою үшін алдағы уақытта жүзеге асырылар жобаларды жүйелендіру керектігін мәлімдеді.

Жемқорлық жойылмай, азаматтық қоғам алға баспайды, кері кетеді. Себебі, оның кесірі жетеді. Келешегімізді бұлыңғыр етеді. Бұл індеттің осындай орасан зардабы барын білетін билік парақорлықпен барынша күресіп-ақ келеді. Нәтиже жоқ емес, бар. Бірақ, оң көрсеткіштерді әлде де артыра түсу керек. Теміржол саласындағы заңсыздықтарды кеміту мақсатында ұйымдастырылған жиында сала мамандары осындай ой айтты.

Жемқорлыққа жол бермеу – жалпыға ортақ мәселе. Сондықтан, пара беріп, пара алмауды әрбір азамат өзінен бастауы керек, - дейді жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің өкілдері. Осы орайда олар мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындар тарапынан ешқандай сыйлық алмайтындықтарын, оған жол берілмейтіндігін түсіндіру төңірегінде брифинг өткізді.     

Қазақстан жемқорлығы жоқ ел болып дамуды көздегендіктен, оған қарсы іс-қимыл саясатын кешенді түрде жүргізіп келеді. Бұл реттегі ең негізгі мақсат - ашық мемлекет қалыптастыру, кәсіби мемлекеттік аппарат құру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...