ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:36, 13 қыркүйек 2018

Жемқорлықты қалай ауыздықтауға болады және мемлекеттік органдармен өзара байланысты орнатудың жолдары. Осы мәселелер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі өткізген дөңгелек үстел барысында талқыға түсті. Сала мамандарының сөзінше биыл осы бағытта заңбұзушылыққа жол бергені үшін 12 адам жауапқа тартылды. Қылмыстардың басым бөлігін пара алу, лауазымын асыра пайдалану және кәсіпкерлікке кедергі келтіру деректері құрайды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықты тудыратын жәйттер көп. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның орындалу барысында оған көп жол беріледі. Бірқатар аудандарда осы бағытта заңбұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді іс шаралар атқарылуда. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер кәсіби біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі. Биыл  олар оқу курстарына қатысып, білімдерін жетілдірді. Мамандарды жұмысқа қабылдау тәртібі де ашық әрі әділ түрде өтеді. 2018 жылы мемлекеттік қызметтерге  жүргізілген байқау қорытындысы бойынша, миротакратия принципі бойынша әкімшілік мемлекеттік   қызметтерге тағайындалғандар қатары аз емес. Одан бөлек коррупциялық қылмыстардың алдын алу үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Тексеріс нәтижесінде  биылғы жылдың екінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа жемқорлыққа жол бергені үшін 12 адам жауапқа тартылды. Оның 8-і мемлекеттік кірістер  департаментінің  мамандары болса, 2- уі ішкі істер органдарының қызметкері.  

Экономиканың әр саласына кері  әсерін тигізіп отырған   қоғамдық кесел  - күн тәртбінінен түспеген мәселелердің бірі. Жалпы, соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес  біршама  күшейді. Елбасының қай жолдауында да  коррупцитялық қылмыстарды алдын алуда нақты тапсырмалар беріледі. Мемлекеттік орган басшыларының басын қосқан бұл жиын Президенттің парақорлықпен қарқынды күрес жүргізу саясатынан туындаған шара. Біздің міндет мемлекет басшысы талабын орындап,  әлеуметтік індетке айналған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресу дедіМемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері.   

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
18:14, 19 сәуір 2019
«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
Толығырақ...
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
18:09, 19 сәуір 2019
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...