ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ

20:30, 21 қыркүйек 2020

Жер жаһанды жайлаған парақорлыққа қарсы күрес күшейтіліп жатыр. Осы мақсатта «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" жалпыреспубликалық акциясын жариялады. Республикалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов қостанайлық әкімдерді еңбекақыларын жариялауға шақырды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік орган басшыларын адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру. Акция аясында облыс, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары халық алдында қызметінің ашықтығын көрсетіп, жалақы туралы ақпарат жариялауы тиіс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беріп, өз ұсыныстарын енгізу қажет. Бұл жұмысты облыс әкімдерінің орынбасары мен еліміздің барлық өңірінің мемлекеттік орган басшысы жүргізуі тиіс.

Акция қорытындысы бойынша барлық қалалар мен аудандар әкімдеріне  баға беріледі. Онда басшылықтың қаншалықты ашық екендігі және халық дауысын естуі ескеріледі. Мемлекет органдарының басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы бағаланады.

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...