ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

СУҒА ЗӘРУ АУЫЛДАР БАР

20:30, 7 шілде 2020

Науырзым ауданындағы ауылдардың басым бөлігі ауызсу тапшылығын тартып отыр. Аудан аумағындағы 10 елді мекеннің үшеуі ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қалғандары бұрыннан құдық суын тұтынып келеді. Олардың барлығы ішуге жарамды деуге тағы келмейді. Мәселенің мән-жайын біліп қайтқан тілші репортажы.

Өлеңді ауылында қазіргі кезде жүзге жуық үй түтін түтетіп отыр. Әр аулада құдық болғанымен, олардың суы ащы.  Сондықтан  мұндағы жұрт  тұщы су іздеп, ауыл кезеді. 

Ауыр тірлікке көндіккен ауыл адамдары жаз мезгілі қинала қоймағанымен,қыста су тасудың азабын біраз тартады. Әсіресе, боран соғып, қар басқан күндері қиын дейді. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл ауылға кеңес дәуірі кезінде орталықтандырылған су жүйесін тарту жұмыстары басталып, кейін тоқтап қалған. Сол құбырлар қолды болып кетіпті. Қазір Өлеңді селолық округінің жас әкімі ауылды ауызсумен қамтудың жолдарын қарастырып жатыр.

Бірақ аудандық әкімдіктен білгеніміздей Өлеңдіге ауылына әлі де күте тұруға тура келеді. Алдымен халық көп шоғырланған елді мекендер бірінші кезекте тұр.    

Айта кетелік, Науырзым ауданында елді-мекендерге орталықтандырылған су жүйесін тарту соңғы үш-төрт жылда қолға алынды. Алдағы осындай кезеңде тағы 2-3 елді мекенге құбыр тартылса, халықты сапалы  ауызсумен қамту көрсеткіші 90 процентке маңайлап қалады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...