ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ӘЗІРЛІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:01, 16 наурыз 2020

Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов сол сияқты Жітіқара ауданына жұмыс сапарымен барды. Жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында аймақ басшысы аудандағы су тасқынына дайындық шараларымен танысып, кейін бірқатар нысандарды аралап, аудан әкіміне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің Жітіқара ауданына жасаған сапары барысында, бірінші кезекте, көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды. Осыған байланысты Қаратомар және Желқуар су қоймаларында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жауапты мамандар мәлім етті.

Ағынды судың бір бөлігі Ресей Федерациясынан келеді деп күтіліп отыр. Алайда, көрші мемлекет мамандары бұл болжаммен келіспейді. Өйткені, өздерінің су қоймалары небары 30 пайызға ғана толған. Сондықтан, олардан келер қауіп жоқ.   

Су қоймаларындағы ахуалды білген соң өңір әкімі қаладағы орталық қазандықты қарап шықты. Коммуналдық қызметтерге деген тарифті төмендету мақсатында Жітіқара қаласының жылу энергетикалық кешенін жаңғырту жоспарлануда. Ол тұрғындар үшін жылу энергиясына тарифті төмендетуге және ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс әкімі шағын шаһарджа 2022- жылдың қыркүйегінде қолданысқа беру жоспарланған 4-ші шағын аудандағы 33 көп пәтерлі үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып қайтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...