ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:09, 3 наурыз 2020

Ресейдің Челябі облысында 42 елді-мекенді су басуы мүмкін. Оның жартысына жуығы Қазақстанмен шекаралас жатқан ауыл-аймақтар. Ал Қостанай облысының сала мамандары көрші елден келетін судың көлемі көп бола қоймас деген болжам айтады.Себебі Челябі облысында ылғал мөлшері орташа норма денгейінде. Алайда тосын жағдай туындуы мүмкіндігін екі жақта жоққа шығармайды.

Ресейдің Оңтүстік Орал өңірінен Қостанай облысына екі бағыттан су келеді. Бірі Сымтасты, Бірсуат өзендерінен Желқуар арқылы Тобыл өзеніне келіп құйса, екіншісі Челябі облысына қарасты Қарталыдан бастау алатын ағынды су Әйет өзенімен жалғасып жатыр. Өздеріңіз көріп отырғандай мүз беті аздап жіпсігенімен, қатты ағысм байқалмайды. Бірақ ресейлік мамандардың айтуынша ауа-райы күрт жылынатын болса, шекаралас елді-мекендерді су басу әбден мүмкін.

Челябі облысында су тасқыныңың екі толқыны болады деп күтіліп отыр. Біріншісі сәуір айының алғашқы он күндігінде, екінішісі мамыр айының басында.

РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАЛАС ӨҢІРЛЕРДІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

Ал  Тобыл өңірінің  су қоймалары сырттан келетін суды қабылдауға толық дайын –дейді жергілікті мамандар.

Алайда қазір алқаптардан келетін ағынды суды болжап айту қиын. Егер күрт ерісе, сай-саланың бөгетін жырып, арнасынан асуы ықтимал. Облыс бойынша 98 елді-мекенді су басуы ықтимал.

Қазір су тасқынының алдын-алуға  жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Наурыз айының аяғына таман  Қостанай мен Челябі облыстарының төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бірлескен жұмыс жоспарларын тағы бір пысықтап алмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...