ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

20:13, 26 ақпан 2020

Қазақстандық судьялардың міндеттері заңмен өзгертілетін болды. Енді олар түрлі зерттеулер жүргізіп, айғақ-дәлелдер сұрата алады. Осы мәселе бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында көтерілді. Жалпы сот жүйесінде тағы қандай өзгерістер болады? Оңғар Алпысбайұлы ретімен айтсын.

Қазақстандық соттар бір жылда 6 миллион іс қарайды. Оның жартысына жуығы азаматтық істер. Шығарылған үкімге екі тараптың қатар келісуі,  соған көнуі нәке-саяқ әрине. Әр-кез шағым айтушы жақтың болары анық. Десе де депутаттар жүйеге деген көптің сенімі жоқ деп санайды. Үлкен өзгеріс керек деп отыр.

Осындай сауатсыз шешімдерді жою үшін жоғарғы сот заңға түзету енгізуді ұсынып отыр. Яғни судьялардың құзіреті өсірілмек. Тек прокурор мен қорғаушы ұсынған айғақтармен шектелмей өзге де дәлелдер сұрата алады.

Сондай-ақ, судья отырстан соң қос тарапқа шешімнің қандай дәлел-дәйекке сүйеніп шығарылғанын түсіндіріп беруге міндетті болады. Бұл, сот әділдігіне күмәнді сейілту үшін аса маңызды деп отыр мамандар.

Ал білімсіз судьялар жұмыстан шеттетіледі. Олар талабы жыл сайын қатаңдатылып жатқан арнайы аттестация арқылы анықталады.  Былтырдың өзінде 24 судья білімін дәлелдей алмай жұмыстан қуылған.

Заң жобасының негізгі мақсаты халықтың сотқа деген сеніміне селкеу түсірмей, абыройын арттыру, әділ жүйе орнату. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда бекітті. Ұсынысқа тағы өзгерістер енгізілуі Бек мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар