ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

20:30, 29 шілде 2020

Жұмысшылар арасында жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешу, алимент өндіріп алудың тың тәртібі, борышкерлерге жазаны күшейту. Еліміздің іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заңға осындай өзгертулер енгізілді. Мысал үшін, бір айдың ішінде сот ісін жүргізудің орындалмауы жеке сот орындаушысын лицензиядан айырылуы мүмкін. Жаңа заңның тағы қандай талаптары бар? Баспасөз брифингінде фемида өкілдері мен әділет департаментінің осы сұраққа жауап берді.

Соңғы кездері сот орындаушылардың жұмысына шағым көбейген.   Жаңа заң сала қызметкерлерінің  жұмысын жетілдіруге бағытталмақ.  Құжатқа енгізілген өзгерістердің бірі  - алимент өндіру тәртібіне қатысты. Енді жеке сот орындаушылары  осы мәселемен бірінші кезекте айналысатын болады. Бұған дейін олар мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созып келген. Бұл қарызды өндіріп алуда  тиімділігін көрсетпеді.

Қолданысқа енгізілген заң жобасында және де  еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, оның ішінде жалақы қарызын өндіру сияқты  маңызды тетік қарастырылған.  Мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара еңбеккерлер арасында жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыты мен  шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы,   Төтенше жағдай режимі кезінде Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы бірыңғай байланыс орталығын   іске қосты.

Атқарушылық іс жүргізудің сапасын жақсарту, азаматтардың құқықтарын қорғау, сот шешімін уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету. Заңнамалық құжатта осы мәселелерге баса назар аударылады. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...