ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ШЫНДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН

20:34, 2 наурыз 2020

Қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғаушының жұмысын жары жалғап жүр. Педагог мамандығынан полиция қызметкеріне айналған бұрымды бүгінде шындық пен әділдік үшін күресіп келеді. Осы мақсатта ол білім басқармасы маманының кабинетін тергеушінің жұмыс орынына алмастырған. Аса ауыр қылмыстарды ашумен айналысатын келіншек жайлы кеңірек келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Осыдан он жыл бұрын оқыту үрдісінің маманы болған Майя Курочкина бүгінде  балиғат жасына толмаған балаларға қатысты аса ауыр қылмыстарды ашумен айналысады. Алғашқы алған білімі тарихшы мамандығынан тергеушіге айналуын ол былай түсіндіреді.

Мұғалім мамандығынан бөлек, заңгерлік білімі бар Майя алған бетінен қайтпады. Құқық қорғау саласында тергеуші болып қызмет атқарып келеді. Жаңа жұмысына кіргелі 2 жылдай уақыт өткен. Күн сайын күрделі қылмыстық істердің ақ-қарасын ажыратумен айналысады.  

Ауыр жұмыс күнінен кейін Майя үйіне айрықша асығады. Өйткені, оны өміріндегі ең қымбат ер азамат - ұлы күтуде. Баласымен қауышқанда ана жүзінен ерекше қуанышты   байқау қиын емес. Себебі, Майя ұлының іс-қимылына, бет-әлпетіне қарап, араларынан алшақтап кеткен аяулы жарын көреді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...