ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ

20:45, 11 қараша 2019

Қайтарымсыз қаржылай көмек. Жапонияның «Шөп тамыры» бағдарламасы арқылы елдегі әлеуметтік нысандардың жұмысы жанданып жатыр. Бөлінген гранттардың көмегімен Жітіқарада психоневрологиялық және тірек-қимыл аурулары бар балаларға арналған күндізгі бөлімше кеңейтіліп, нөмірі бірінші мектептің терезелері жаңартылды. Жобалардың жай-жапсарымен жақынырақ таныспақ ниетпен Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи осы нысандарға арнайы ат басын тіреді.

Жапон елшісінің Жітіқарадағы жұмыс сапары психоневрологиялық және тірек-қимыл аурулары бар балаларға арналған бөлімшеден басталды. Грант бөлінгенге дейін бұл ғимараттың жарты бөлігі бос тұрған. Мұнда балаларын әкеліп жүрген ата-аналарға да ыңғайсыз еді. Мекеме күніне төрт сағат қана жұмыс істейтін. 2018 жылы «Шөп тамыры» бағдарламасы арқылы ұтып алынған 10,5 млн теңгеге ғимараттың екінші бөлігі жөнделіп, іске қосылды. Жұмыс толық күндік режимге ауысты. Сәйкесінше төрт ата-анаға осы жерден жұмыс табылды. Қазір бөлімшедегі жиырма бес балаға шақталған жатын орын, асхана, іс-шаралар өткізетін шағын зал бар.

Адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Шөп тамыры» бағдарламасының басты мақсаты. Үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік саланы қолдауға арналған гранттар тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да дамушы мемлекеттерінде беріліп келеді. 1997 жылдан бері бағдарлама аясында біздің елдегі жүзге тарта жобаны қолдаған. Ал, Қостанай облысында 8 жоба жүзеге асырылды.

Жітіқарадағы №1 негізгі мектеп те Күншығыс елі ұсынған гранттың көмегімен жаңа кейіпке енді. Тоғыз млн теңгеден астам қаржыға білім ошағының 50 терезесі жаңартылды. Елші ғимарат ішін аралап, жасалған жұмысқа жақсы баға берді. Мектептің тілектер жинағына лебізін жазып, қолтаңба қалдырды. (2214) Көңілі тоқ қонақтарға аудан әкімі алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірді.

Жітіқаралықтар «Шөп тамыры» бағдарламасына тағы бір жобасымен қатысуға ниеттеніп отыр. Аудан орталығындағы №9 орта мектепті жөндеу үшін грант байқауына қатыспақ. Жапон елшілігінен келгендер аталған оқу ордасын да аралап көрді. Бірақ, әзірге жобаның тағдыры белгісіз. Алда құжат дайындау, саралау, сараптау жұмыстары күтіп тұр.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:47, 12 желтоқсан 2019
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
20:44, 12 желтоқсан 2019
ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:54, 11 желтоқсан 2019
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...