ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА

20:25, 26 мамыр 2020

Шомылу маусымы басталмай жатып облыста бір адам суға батып кетті. Құтқарушылар, әсіресе, демалыс күндері жағажайда адам көп болғанын айтады. Сондықтан, күшейтілген кестеге көшіп, тәулік бойы кезекшілік құруда. Және де кезекті рет арнайы жабдықталмаған жерлердегі өзен-көлдердің қауіпті екенін ескертеді.

Максим Борисенконың жұмыс күні таңертең ертемен жағажайды бір шолып шығудан басталады. Сүңгуір бұдан соң өзеннің түбін жіті тексереді.  Күн сайын бұл жерге жүздеген адам келеді. Көбі ішімдік ішіп суға түседі. Ескертуге құлақ аспайды. Салдарынан былтыр 20 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.  Ал биыл суға шомылу маусымы басталмай жатып 1 адам  көз жұмды.
Қостанайда ресми жағажай бірнешеу. Тексеруден кейін, оларды тәртіпке келтіру үшін тиісті шаралар қолға алынды.  Түнде шомылуға қатаң тыйым салынған. Бұнда құтқарушылар кезекшілік жасағанымен, қойылған белгілерден асуға болмайды. 

Су жазда балық аулаушылар үшін де қауіпсіз емес, дейді Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Балықшылар өздерімен бірге жеке құтқару құралдарын, құтқару кеудешелерін немесе құтқару шеңберлерін алып жүруі тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...