
Қазақстан үкіметі шетелдіктердің елімізде рұқсат етілген болу мерзімін 2021 жылдың 5-ші маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы облыстық Көші-қон департаментінің өкілдері мәлім етті.
Коронавирус инфекциясына байланысты әлі көптеген халықаралық рейстер тоқтап тұр, мемлекеттік шекаралар жабық. Ведомствоаралық комиссия осыны ескеріп отыр. Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстаннан келіп осында 1 жылдан артық жұмыс істеп жатқан мигранттардың еңбек патенттері де 5-ші маусымға дейін жарамды боп қала бермек. Болу мерзімі өтіп кеткен, бірақ заңды негіз бар, мәселен: жұмыс істеуге, оқуға, емделуге, отбасына қосылу үшін келген шетелдік азаматтарға да осындай мүмкіндік беріледі. Егер шетелдік мерзімнен кейін қалуды жоспарласа, көші-қон қызметіне хабарласып, қалуды жалғастыру құқығына құжаттарды рәсімдеуі керек.