ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА

20:33, 12 ақпан 2020

Қостанайдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталағында Әкімшілік полиция басқармасы, кеден және салық органдары мамандарының қатысуымен брифинг өтті. Жиын барысында шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеу тәртіптері кезекті рет түсіндірілді. Ал, шетелдік көлік иелері уақытша тіркеу шараларына қатысты өз пікірлерін айтты. Сөздеріне сүйенсек, сырт көлігіне сары нөмір тағу үшін баға қолжетімді болу керек

Шетелдік нөмірі бар автокөліктер осы жылдың 1-ші наурызына дейін тіркелуі тиіс. Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі 2021-ші жылдың 1-ші наурызына дейін белгіленеді. Осы орайда бүгінге дейін 278 адамға кеңес берілген. Оның 236-сы РФ-нан, 37-сі Армениядан, үшеуі Қырғызстаннан және екеуі Беларустен әкелінген көліктерді тіркеу тәртіптері туралы ақпарат алған. Әзірше, облыстың 5 азаматы тіркеуден өтіп, белгіленген үлгідегі құжат пен жаңа нөмір алды.

Уақытша тіркеу үшін орталыққа көліктің техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік нөмірін тапсыру қажет. Мемлекеттік баж салығы көліктің шыққан мерзіміне байланысты салынады. Тіркеу жасатқан өзге төрт азаматқа көліктерінің жылына байланысты 600 теңге мен 200 мың теңге арасында салық міндеттелген.

Сары нөмірге иелік еткен қостанайлықтар 2021-ші жылдың 1-ші наурызына дейін 927 850 теңге көлемінде көлік қалдығын утилизация алымын өтеуі тиіс. Содан соң  ғана уақытша нөмірді тұрақты нөмірге ауыстырып, шетелдік тіркеудегі көлікті өзінің атына түбегейлі аудара алады. Алайда, шетелден әкелінген көлік иелері бұл ережемен келіскісі жоқ. Олардың айтуынша, темір тұлпарлары үшін төленетін пұл көлемін азайту керек. Салынған салық көлік бағасының жартысынан, тіпті, кейбір көліктердің жалпы құнынан да асып жығалады екен. Сондықтан, қарапайым халықтың қалтасына салмақ түспеуі үшін, уақытша тіркеу мәселесі әлде де мұқият зерттелуі керек, -  дейді тұрғындар.

Шетелдік көлік тізгіндеген қала тұрғындарының бірі Жарқынбек Деріпсалдинді де осы түйткіл толғандырады. Ол өз көлігін қыркүйек айында Армениядан әкелген. Арнайы  шетелге барып арзан бағаға алғанда, елімізде жарнасының қымбатқа шығуы бізге үлкен шығын келтіреді, - дейді.

Шетелдік көлікке ие шағымданушылардың айтуынша, олар өз темір тұлпарларын тіркеуге қоймаймыз деп шешім қабылдап отыр. 2021-ші жылдың 1-ші наурызына дейін  сырт көліктерінің тіркелмеуі заңмен мақұлданған. Ол жайында полиция қызметкерлері де  түсіндіру шаралары барысында айтқан. Дегенмен, дүйім жұрт уақытша тіркеу мәселесін  тұрғындарға тиімді етіп шешіп беру туралы жоғарғы жаққа хат жолдаған. Оның жауабы қандай болары – енді ол уақыттың еншісіндегі әңгіме.               

Тақырып бойынша материалдар

«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...