ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ШЕТ ЕЛГЕ ШЫҒУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

20:28, 18 наурыз 2020

Коронавирустың ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында қазақстандықтарға шет елге шығуға тыйым салынды. Бірақ, бұл шешім сырт мемлекеттерге емделуге баратындарға қатысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қостанай халықаралық әуежайында да рейстер тоқтатылды. Кейбір бағыттар бойынша поезд маршруттері де қысқартылды. Ал ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобустар белгіленген кестеге сай жұмыс істей береді.

Елдегі  төтенше жағдай режиміне  байланысты 16 наурыз күні  шет ел  азаматтарына Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.   Емделуге баратындарды қоспағанда  Қазақстан азаматтарына де шетел асуға  шектеу қойылды.   Ал өңірімізді айтар болсақ,  Қостанайдан  21 наурыз күні «Аэрофлот» әуе компаниясымен Мәскеуге соңғы рейс қатынады. 

Қауіпті індетке қатысты сақтық шаралары шеңберінде  Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікістан,  Монғолия және Ресей облыстарымен қатынайтын  автобус рейстері де уақытша тоқтатылды. Ал  облысымызда ішкі бағыттарға егқандай шектеу қойылған жоқ.  Жолаушылар тасымалдайтын көліктер  белгіленген кестеге сай жұмыс істей бермек. 

Елімізде 49 халықаралық тұрақты рейс тоқтатылды. Бұл Қытай,  Иран, Франция, Германия, Әзербайдан елдері.  84 халықаралық рейс қысқартылды.   Алыс жолға шығуды жоспарлаған азаматтарға еш дүрлігудің қажеті жоқ. Елде төтенше жағдай режимі алынған кезде  жолаушылар тасымалы жанданады.  Сондықтан жауапты мекеме өкілдері тұрғындарға  бұған түсіністікпен қарауды сұрайды.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...