ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ШӘКІРТТЕР ШЕКАРАШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:07, 5 ақпан 2020

№5-ші кадет мектебінің жоғарғы сынып оқушылары шекарашымен кездесті. Жүздесуде әскери қызметкер шәкірттерді шекара қызметінің қыр-сырына қанықтырды. Ел мүддесі жолындағы маңызды саланың бүгіні мен болашағы баяндалған басқосу қандай мәселелерді қозғады? Толығырақ тілшіміз әңгімелейді.

Кадет мектебінің 8-ші сынып оқушылары - ақ-қараны ажыратып, дербес шешім қабылдай алатын ересек азаматтар. Олармен алдағы жоспарлар жайлы ашық әңгімелесуге болады. Сондықтан, бұл кездесу кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ. Басқосудың да басты мақсаты шәкірттерді шекара қызметіне тартуға бағытталған.

Мәжілісте мектеп оқушылары маңызды сала өкіліне өз сұрақтарын қойып, әскери қызметтің артықшылығын, шекарашыларға қандай жағдайлар жасалатындығын сұрады. Абыройлы міндеттің мәнін ұғынған оқушылар алдағы уақытта ел тыныштығын қорғауға құлықты екендерін байқатты.

Шекарашылардың міндеті - мемлекет қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау. Елдің шетінде, желдің өтінде әскери қызмет атқару оңай емес, әрине. Алайда, Отанының нағыз патриоттары мұндай мәселеге аса мән бере қоймайды. Олар үшін ең бастысы - еліміздің амандығы мен халық тыныштығы. Шекарашылардың кірпік қақпай, қырандай қырағылық танытуы соның кепілі.   

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...