ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІМЕН СОТТАСУДА

21:02, 6 қыркүйек 2019

Бейімбет Майлин ауданындағы шаруа қожалығының иесі бруцеллез дерті анықталған ауру малдардың көзін жоюға қарсылық білдіруде. Бұл аудан бойынша эпизооитиялық жағдайды қиындатып отыр. Ветеринарлық талаптарды орындамағаны үшін серіктестік иесіне айыппұл да салынды. Бірақ, бұл түк нәтиже бермеді. Кәсіпкер тіпті ветеринария бөлімімен соттасуға дейін барған. Осы мәселе бойынша сала мамандары баспасөз мәжілісін өткізді.

Мына бейнекадрларда Бейімбет Майлин ауданына қарасты Апанов ауылындағы шаруа қожалығының иесі сұхбат беру үстінде. Дау-дамайға себеп – серіктестік басшысы малдарының сау екендігін дәлелдей алмай жүргені. Айталық, сәуір айында кезекті жоспарлы тексеріс барысында жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары мұнда  қауіпті індеттің ошағын анықтаған. 24 ірі қара  бруцеллец дертіне шалдыққан. Індетке іліккен ірі қараның барлығы осы «Исаев» шаруа қожалығының меншігі болып шықты.

Брифингте осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған Ветеринария инспекциясы мамандары ауру малдар әлі күнге дейін оқшау жерге көшірілмегенін жеткізді. Серіктестік иесі бруцеллезге шалдыққан сиырлардың көзін жоюға мүлдем қарсылық білдіруде.

Сиырларының сау екеніндігіне еш шүбә келтірмеген  кәсіпкер апелляциялық шағыммен сотқа жүгінген. Бұл жағдайды қиындатып отыр. Ауылдағы төлдерге қауіп төніп тұр.

Бұл мәселенің қандай нәтижемен шешілетіні әзірге белгісіз. Алда сот процессі болмақ.  Кәсіпкер тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгініп, кезекті мәрте ірі қарадан қан сынамасын алуы мүмкін дегенді алға таитады сала қызметкерелрі.  Ветерианралық-санитарлық талаптарды орындамауы бүкіл аудан бойынша эпизооитиялық жағдайды қиындатып отыр дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар