ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ

20:33, 27 ақпан 2020

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көрген тұрғындар көп Тобыл өңірінде. Облыс орталығын айтпағанда, бағдарламаның қатысушысы атанып, мамандығы бойынша жұміс істеп, қолынан келетін іспен айналысып жүрген азаматтар елді мекендер мен шағын шаһарларда да жетерлік. Солардың бірі – Рудный қаласының тұрғыны Азамат Ерғалиев. Өз кәсібін жуырда ғана бастаған ол шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Арманының жүзеге асуына жұмыспен қамту орталығының көмегі тигенін айтады.

Азаматтың алғашқы алған мамандығы – теміржолшы. Сол салада біраз жыл істеп, денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығып қалған. Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар санатына кіргізілгенін де айта кеткен жөн. Алайда, ол мүгедектігім бар деп мойымайды. Қайта, өмірге деген құлшынысы артып, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, ел қатарлы өмір сүріп келеді. Бүгінде өзінің жеке кәсібін дөңгелентіп отыр.

200 АЕК мөлшеріндегі қаражатқа ол жұмысқа қажетті құрылғылар мен құрал-саймандар сатып алған. Бүгінде ол тек өзін ғана емес, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер жұмыссыз жүрген жандарға осындай мол мүмкіндік ұсынып отырған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына зор ризашылығын білдіреді. Осы орайда кеншілер қаласында қанша кәсіпкер қайтарымсыз грант алғанын жауапты мамандардың өздері баяндап берсін.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
20:38, 27 наурыз 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар