ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

ШАҒЫН ШАҺАРДА ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ

20:46, 6 қараша 2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021-ші жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағытта жүргізіледі. Біріншісі – азаматтарды техникалық біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту. Екіншісі – жаппай кәсіпкерлікті көркейту. Үшіншісі – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Былтыр колледж бітіріп, «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қалалық орталық ауруханаға жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасқан жастардың бірі – Іңкәр Іскендір. Ол бала кездегі арманының орындалғанына, қалаған мамандығына қол жеткізгендігіне қуанышты екенін айтады. Ақ халат киіп абзал қызмет атқаруыма жұмыспен қамту орталығының заңды өкілдері көмектесті дейді Қазіргі таңда Арқалықта мейірбике болып еңбек етіп келеді.

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі бойынша  бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында ЖОО және колледж түлектері үшін жүзеге асады. Бағдарламаның бұл бағытын оқу аяқтағанына 3 жыл болмаған, 29 жасқа толмаған  түлектер игілігіне пайдалана алады. Жастарға арналған жобаның мерзімі 6 айдан аспайды.

Жалпы, шағын шаһарда да  жұмыссыздық деңгейі уақыт өткен сайын төмендеп келеді. Өз ісін бастаған тұрғындар да, дипломын енді алған жастар да, ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүрген азаматтар да елімізде «Еңбек» бағдарламасының іске асырылып жатқанына дән риза. Ал, жұмыспен қамту орталығы мамандары тұғындар бізге келіп еңбек етуге сұраныс білдіріп жатса, біз оларды жұмысқа орналастыруға әрқашан әзірміз дейді.

Тақырып бойынша материалдар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
20:49, 15 қараша 2019
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...