Сәуірде сарбаздар сап түзейді

Жылдағы дәстүрге сай, бірінші сәуірде көктемгі әскери шақырылым басталады. Осыған орай облыста бозбалалардың денсаулығын тексеретін медициналық комиссиялардың дайындық деңгейлері пысықталады. Қорғаныс саласы мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде осы науқанға қатысты өз шешімін күткен бірқатар мәселелер бар. Отан үшін отқа түсуден тайынбайтын сарбаздар саны неге азайды?

16:51, 13 наурыз 2017   220

Міндет! Абырой! Ерлік! Бүгінде бұл сөздерге бозбалалар бей-жай қарайтын болды. Өйткені, өздерінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге құлықсыз. Қазақстан Қарулы күштерінің қатары жылда 1000-нан астам қостанайлық жас сарбаздармен толығып отыратын. Былтыр бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп кетті, - деп дабыл қақты сала мамандары.

Әскерге аттандыруда медициналық комиссиялардың айрықша рөл атқаратыны мәлім. Айта кетейік, облыс бойынша, олардың саны 21-ге жеткен. 1 аймақтық, 4 қалалық және 16 аудандық маңызға ие бекеттер жұмыс істеп тұр. Дегенмен, дәрігерлердің жетіспейтіндігі еш  жасырын емес.

Сол сияқты салмақты себептердің салдарынан былтыр 8 бозбала денсаулықтарына байланысты әскерден мерзімінен бұрын оралған.

Жиында қорғаныс саласына қатысты қозғалған түйткілдерді тиянақты әрі түбегейлі шешуді тапсырды облыс әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, сарбаздар санының сиреуіне жол берілмеуі тиіс. Ол үшін әскери қызметті әспеттеп, барынша насихаттау шарт. Осы  ретте  жауапты сала мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге мүдделі.

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44