ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

САРБАЗДАР ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖОҒАРЫЛАТТЫ

20:50, 8 қаңтар 2019

ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары үшін ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапты міндет. Қостанайдағы 66/97 әскери бөлімі оқу-жаттығу өткізді. Жауынгерлік дайындықты жоғарылатуға бағытталған шараға еліміздің әр өңірінен сарбаздар жиналды. Жалпы, аталған әскери бөлім бүгінде жүректі де білекті, батыл сарбаздарды шыңдайтын орынға айналды. Ел тыныштығын күзеткен елжанды азаматтардың жауынгерлік дайындығы қалай? Тілшіміз тартқатсын.

Қостанайдағы 66/97 әскери  бөлімінде өткен  оқу-жаттығуға  еліміздің  әр аймағынан  ондаған  сарбаздар  жиналды. Мақсат-олардың жауынгерлік шеберлігін арттыру. Өйткені, өз отанын, туған елін, жерін қорғай алатын сарбаздарды дайындау ісі өте жауапты міндет. Қатардағы жауынгер Асылхан Әбубәкіров та  шарадан қалыс қалмады. Өз мамандығын мейлінше меңгеріп алған ер азаматтың  әскери тәртіпке де бойы үйренген. 

Сарбаздарға қойылатын талап та, тәртіп  те қатаң. Әскери жаттығуларда жігіттер  қару жарақты қолдану бойынша әдіс-әсілдерді  үйренсе, оқу кезінде оларды отанды сүюге, өз елінің патриоты болуға баулиды.Оқу-жаттығу кезінде жауынгерлердің  әр қадамы қатаң қадағалауға алынды.

Ел тыныштығын күзеткен елжанды азаматтар бүгінгі сынақтан да сүрінбей өтті. Оқу-жаттығуда барысында берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, басшылардың оң бағасын иеленді. Ал, жауынгерлер дайындығының жоғары болуы-еліміздің қауіпсіздігіне  кепіл болады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
20:32, 22 шілде 2019
ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...