ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ

20:33, 22 мамыр 2020

Елімізде төтенше жағдай режимі жеңілдетілгенімен карантин әлі жалғасып жатқаны белгілі. Десе де қаламызда санитарлық ережеге салғырт қарайтын кәсіпкерлер аз емес екені анықталды. Облыстық тауарлар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторнг тобы бүгін де бірнеше сауда орындары мен тұрғындар жиі баратын жерлерде рейд шарасын жүргізді.

11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі алынғанымен карантин уақыты жалғасуда.Ережеге сәйкес қоғамдық орындар мен көліктерде, сауда орындарында барлығы дерлік бетперде және қолғап киіп жүрулері тиіс. Тәртіпке бағынбағандар әкімшілік құқықтың 462 бабы,3 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады.Облыстық тауарлар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторнг тобы тек кәсіпкерлер ғана емес тұрғындарда дүкендерге бетпердесіз кіріп,пандемияға бейжай қарайтынын анықтады.Мәселен мына бір сыра дүкенініндегі саудагердің айтуынша қала тұрғындарының арасында ескертуді елемей наразылық білдіретіндері де бар екен.Рейд барысында жұмысын қайта бастаған сауда орындарының қызметкерлеріне ескертулер жасалды. Егерде екі рет әкімшілік құқық бұзса іс сотқа жіберілетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:30, 11 тамыз 2020
ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...