ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

20:34, 19 наурыз 2020

Елдегі төтенше жағдайға байланысты, қаржы министрлігі шағын бизнеске зор қолдау көрсетіп отыр. Осыған орай, кәсіпкерлерге салық төлеу мерзімін ұзарту ұсынылды. Бұл ретте қазынаға қаржы құю есебі электронды форматта жүзеге асырылады. Осы және өзге де сұрақтарға қатысты сала мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Бизнес саласын дамыту – бүгінде мемлекет үшін басты мақсат саналады. Осыған   орай үкімет кәсіпкерлердің салық төлеу мерзімін 30 күнтізбелік күнге шегеріп отыр. Бұл -  елдегі төтенше жағдайға байланысты жеке және заңды тұлғалар үшін жасалып отырған жеңілдіктердің бірі.

Осы жылдың 31-ші наурызына дейін тұрғындар өздеріне тиесілі салығын төлеуі тиіс болатын. Алайда, еліміздің қаржы министрлігі төлем мерзімін бір айға ұзартып отыр. Сондықтан, кәсіпкерлер салық төлеу есебін сәуірдің 30-на дейін тапсыруы тиіс.    

Қысқасы, мемлекеттік кірістер басқармасының барлық қызметтері онлайн формат бойынша жүргізіледі. Жұмыс үлгісі тұрғындарға таңсық емес. Бүгінде барлық кәсіпкерлер бұл жүйені жетік меңгеріп алған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...