ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕН БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ КӨЛІКТЕРІ ТӘРКІЛЕНУДЕ

20:39, 14 наурыз 2019

Салықтың уақтылы төленуі – қазына қаражатының ортаймауы. Кірістер департаменті борышкерлермен күресті күшейтті. Бұған, тек Қостанай қаласы ғана бойынша қарыздың 160 млн теңгеге жетуі түрткі болып отыр. Рейд барысында бір емес, екі көлігі бар, бірақ бірнеше жылдан бері бір тиын да салық төлемеген азаматтың темір тұлпары тәркіленді. Салықшылар берешегі қордаланғандардың бәріне осындай қатаң шара қолданылатынын ескертеді.

Бұл – күні бойы қағылып тұрған алғашқы есік емес, бірақ арғы жағынан жауап қатқандардың біріншісі. Салық төлеуді көп уақыттан бері ұмыт қылған азаматтың өзі шығып, жауап қатты.

Өтелмеген салық құны 230 мың теңгені құрайды. Барлық құжатнамамен, заңды күшіне ену алдындағы сот шешімімен танысқан азамат, көлік қарызын алдағы уақытта өтейтінін айтады.

Нәтижесінде, Константин Горобчуктың темір тұлпары айып тұрағына қойылды. Қарыз толығымен өтелмейінше, борышкердің оны қайтарып алуға еш құқы жоқ. Жалпы бүгінгі күні қала бойынша көлік үшін салық қарызы – 160 млн теңге.  Қара тізімдегі адамдар саны мұнымен шектелмек емес. Салық басқармасының өкілі мен сот орындаушы әуелгі кезекте салмағы басым борышкерлердің пәтеріне бас сұқты. Бірақ ірі қарызы барлар қармаққа  ілікпеді. Бірі – «үйінде жоқ», енді бірі – есігін ашпайды.  

Салық төлеу міндетінен қашудың соңы баспанасынан айырылу қаупіне әкелуі ғажап емес. Ал осы салықтың уақытылы түспеуі ел бюджетіне кесірін тигізеді. Сондықтан, борышкерлермен күрес жалғаса бермек.   

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:40, 23 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА...
Толығырақ...
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:32, 23 мамыр 2019
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:30, 23 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...