ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

20:37, 3 сәуір 2020

1 сәуірден бастап Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына көпқабатты үйлердің кіреберістерін дизинфекциялау міндеттелді. Бұл шаралар бірінші кезекте инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі. Ал үй аумақтарын, балалар мен спорт алаңдарын залалсыздандыру қалалық әкімдікке жүктелді.

Әлеуметтік желілерде жеке пәтер иелері кооперативтерінің өз аумақтарында санитарлық шараларды жүзеге асырудан бас тартып жатқаны туралы ақпарат тараған.   Алайда, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары бұны жоққа шығарды. Жауапты тұлғалардың айтуынша, қала аумағында вирустан сақтанудың барлық тетіктері, сонымен қатар көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылуда.

Қостанай қаласы бойынша 7 санитарлық блок-пост орнатылды. Шаһарда 3 санитарлық блок-бекет жұмыс істейді. Олардың қатары тағы төртеумен толықпақ. Онда медициналық қызметкерлер қалаға келушілердің  дене қызуын өлшейтін болады.

Енгізілген қосымша шектеу шаралары аясында қалада бетперделік режим енгізіліп, барлық адам маска тағуға міндеттелді. Алайда, әлеуметтік желіде «Қаладағы дәріханаларда бетперде тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені қалай шешуге болады?» деген сауал туындап отыр. Бүгінгі таңда облыс орталығында 22 кәсіпорын медициналық маскаларды тігуде.

Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады. Инфекцияның жылдам тарап жатқанына бірден бір себеп, ол кейбір адамдардың бұған бейжай қарауы.Сол үшін сала мамандары тұрғындардан енгізілген барлық ережелерді сақтауды сұрайды.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...