ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІСКЕ 3 ПАРТИЯ ӨТТІ

21:41, 11 қаңтар 2021

Сайлаудың алдын-ала қорытындысы тағы өзгерді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария етті.

аяси аламанға 5 партия қатысты. Бәріне тең мүмкіндік берілді. Бір ай бойы үміткерлердің ұсыныстары мен бағдарламалары бәсекеге түсті. Халық олардың жоспарларымен жан-жақты танысып, шешуші кезеңде өз таңдауларын жасады. Сайлауға жұрттың бей-жай қарамағаны байқалды. Азаматтық белсенділік танытты. Өңірлердің таңдауы да әр түрлі.

КЕСТЕ: Айталық, ҚХП-на Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары көптеп дауыс берген. Ал «Ауылды» Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент пен алматылықтар көбірек демеген. «Ақжолдықтарды» Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар жұрты, «Адал» партиясын Алматы мен Атырау облысы және 3 мегаполис сайлаушылары қолдаса, ал «Нұр Отанға» елдің барлық өңірлері сенім артқан.

Сонымен, қазіргі нәтиже бойынша 3 партия Мәжіліске өтті. Олар - Қазақстан халық партиясы, Нұр отан және Ақжол. Ал қалған Адал мен Ауыл партиясы тиісті 7 пайыздық көрсеткішке жете алмады.

Дегенмен, бұл нақты сан емес. Жер-жердегі уақыт айырмашылығы бар, санақ әлі де жүріп жатыр. Соңғы нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
20:15, 20 қаңтар 2021
ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
COVID-19.  ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ  ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
20:49, 19 қаңтар 2021
COVID-19. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ Т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БРАКОНЬЕРЛЕРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
20:40, 18 қаңтар 2021
ОБЛЫСТА БРАКОНЬЕРЛЕРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...