ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

САЙЛАУ ӨТКІЗУ – КӨПТІҢ МҮДДЕСІ

18:05, 11 сәуір 2019

Дамудың даңғыл жолын бетке ұстаған елді ешқандай да дағдарыс дендемейді. Бастысы, халықтың бірлігі мен берекесі жарасым табуы тиіс. Осы орайда, 9 маусымда өтетін сайлау - егемен елдің өркендеп, өсуіне зор мүмкіндік бермек. Сайлауға қатысты пікір білдірген қоғамдық бірлестіктердің ортақ ойы осы.

Қоғамның саяси оқиғасынан өңірлік мүгедектер ұйымдары да тыс қалмақ емес. «Үміт-Надежда» мен Қостанай ауданының қоғамдық бірлестіктерінің айтуынша, сайлау – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мемлекет тарапынан кембағал жандарға қолдау зор, сондықтан аталған саяси науқаннан күтеріміз мол дейді олар.

Басқосуда сөз сөйлеген қоғамдық бірлестік өкілдері еліміздің әлеуеті көтеріліп, әлеуметтік жағдайының жақсарып келе жатқандығын да тілге тиек етті. Жиынға қатысқандар, сайлауды уақытынан бұрын өткізудің аумалы-төкпелі заманда елдегі тұрақтылықты сақтап, экономиканы одан әрі ілгерілету жолында маңызды екенін атап айтты.

Кембағал кісілер  қашанда қоғам назарынан тыс қалаған емес. Бүгінгі таңда облыс   тұрғындарының  3 пайызын осы топ өкілдері құрайды. Санмен есептегенде, 26 мың. Елімізде қамкөңіл жандардың жүріп-тұруына барлық жағдай жасалуда. Сондықтан, саяси науқан халықтың билікке деген сенімін бұрынғыдан бетер арттырып, елдің тұрақтылығын нығайтады деп есептейді олар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
18:14, 19 сәуір 2019
«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
Толығырақ...
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
18:09, 19 сәуір 2019
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...