
Қостанай облысында сайлау додасын қағалауға 2 мың нан астам байқаушы қатысты. Олар 7 түрлі халықаралық ұйым өкілдері. Арасында ұзақ мерзімді бақылаушылар да бар. Яғни шетелдік сарапшылар дауыс беру барысын ғана емес, сайлауалды дайындық, үгіт-насихат жұмыстарын да назардан тыс қалдырған жоқ. Ал бүгін ала таңнан сайлау учаскелерінде тапжылмастан отырған олар өрескел заңбұзушылық байқалмағандығын айтады.