ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫНА САЯХАТ

20:45, 9 тамыз 2018

Журналистика әлеміне саяхат. Көзбен көріп, қолмен ұстап, тіпті, уақытша болса да, эфирге шығатын хабарлардың әзірлену процесіне куә болу мүмкіндігі мүгедек балаларға бұйырды. Аталмыш мекеме өкілдері өрендерді өңірдегі тұңғыш телеарна тынысымен таныстыру мақсатында біздің ұжымның күндік қызметін ұсынды.

Өткен дәуір техникаларымен, яғни, телеарна мұражайымен жақын танысқан меймандар, сөрелерде самсаған сан түрлі жәдігерлерден айрықша әсер алғандарын айтты. Балаларды былай қойғанда, ересектердің өзі ерекше күйге бөленгендерін жеткізді. Меймандар мекемеміздің барлық дерлік бөлімшелеріне бас сұқты. Өңірлік баспасөз клубында, жаңалықтар жазылатын, авторлық бағдарламалар өрбитін студиялармен қатар монтаж және дыбыс жазу кабинеттерінде де болды.

Светлана Николаева – Әлеуметтік қызметкер

Бүгін облыстық телеарнда экскурсияда болдық. Балалраға қатты ұнады. Жақсы әсер алды. Телевидение өмірі жайлы сыр шертер экспонаттарды алғаш тамашалауым.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар