ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

20:53, 9 қыркүйек 2019

«Qostanai» телеарнасы жылдағы дәстүр бойынша жаңа телевизиялық маусымды бастады. Облыстың бас арнасының танымдық, тағылымдық тың дүниелері жетерлік. Сапалы өнім, сұранысқа сай жобалар.Сонымен, биылғы маусымның жаңалықтары қандай? Көрермендерді қандай қызықты бағдарламалар күтіп тұр?

Біздің арнаның төл телеөнімдеріне көз жүгіртсек, әлеуметтің маңызды деген мәселелері қаузалатын алуан телевизиялық өнімдері бар. Биыл да «Qostanai» телеарнасының тақырыптық бағдарламалар бөлімі 2019-2020 жылдарға арналған бірсыпыра жаңа өнімді көрерменге тарту етеді.Рет-ретімен тың телебағдарламалардың бірқатарына тоқтала кетсек. Қайсыбір жылдары аталы сөзге шөлеркеген, қазақы қалжың мен қағытпа, астарлы тармақтарға аңсары ауған көрермен айтыстың телевизиялық нұсқасын тамашалап, мейірлері қанған еді. Міне, ұзақ жыл үзілістен соң, биылғы маусымда «Біздің айтыс» көп көрерменнің көксандығынан өлең-сөздің дариясын тасытпақ.

Ақпарат аста-төк бүгінгі күнде біздің арна да бұл аламанда алдыңғы лекке ілесуге бар шамасын салып бағуда. Бүгінде qostanaitv.kz сайтына күніне 600-800 оқырман бас сұқса, бұл көрсеткіштің апталық деңгейі – 5000-ға жуық. Әлеуметтік желілердегі арнамыздың ресми парақшасына тіркелген онлайн тұтынушылардың сапы да артып келеді.

Облыстың бас арнасының ұжымы жаңа маусымға кірісіп те кетті. Межедегі тың жобалар лек-легімен көрерменге жол тартады. 

Нұрқанат Нүсіпхан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:29, 22 қаңтар 2020
«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
20:22, 22 қаңтар 2020
ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
20:12, 17 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...